Ресей құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі "Росбалтқа" хабарлауынша, жуырда итальяндықтар РФ ІІМ өкілдеріне "Кура" арнайы операциясының аяқталғаны туралы айтқан. Оның соңғы кезеңі 2014 жылдың шілдесінде Новаро және Милан қалаларында өткен. Карабинерлер 10-ға жуық гангстерді ұстаған. Оның ішінде қылмыс әлемінің белді мүшесі Гогита деген есіммен белгілі Гочи Майсурадзе де бар.
«Орыс мафиясы» өкілдерінің пәтерлері мен котедждерін тексеру барысында 45 келі алтыннан жасалған бұйым, 2 тоннадан астам күмістен жасалған әшекей бұйымдары мен ыдыс, сонымен бірге 3 млн. еуро көлеміндегі түрлі валютадағы ақша тәркіленді. Бұл заттардың барлығын ұйымдасқан топ мүшелері жеке үйлерден ұрлаған заттар.
"Кура" операциясы 2013 жылдың маусымында басталған және бір жылдан астам уақытқа созылды. Шара барысында Еуропада 44 гангстер ұсталды, соның ішінде 20-ға жуығы қылмыс әлемінің белді мүшелері. Темір тордың ар жағында топ басшысы - Мераб Сухумский есімімен белгілі "криминалды генерал" Мераб Джангвеладзе жазасын өтейтін болды.