Италияда мигранттар өздері орналасқан ғимаратты өртеп жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның Лампедуза аралында бір топ мигрант өздері орналасқан ғимаратты өртеп жіберді, деп жазады 24.kz.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, босқындар осылайша Еуропалық одақтың көші-қон заңдарына наразылық білдірген. Полиция қасақана от қою фактісі бойынша 4 күдіктіні анықтады. Абырой болғанда, өрт кезінде ешкім зардап шекпеген. Әзірге шығын көлемі белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа былтырдан бері ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі көші-қон дағдарысын бастан кешіруде. 2015 жылы кәрі құрлыққа 1 млн 800 мың мигрант келген.