LiveScience-тің ақпаратынша, ғалымдар марқұмды мыстан деп деп санаған соң, оны алдын ала бөлшектеп, бетін жерге қаратып жерлегеніне сенімді болып отыр. Зерттеушілердің пікірінше, оған итальяндық бойжеткеннің аурушаң түрі себеп болған.
«Шамаланып отырғандй, марқұм қыз қырқұлақ (цинга) дертіне шалдыққан. С дәруменінің жетіспеушілігі салдарынан оның түрі солғын әрі аурушаң болған. Бойжеткенді мыстан деп санауы сондықтан болар», - деп мәлімдеді ғалымдар тобының басшысы, Папалық Римдік археологиялық академиясының топография профессоры Филипп Пергола (Philippe Pergola).
Ғалымдардың мәліметтерінше, бойжеткен IX-XV ғасырларда жерленген. «Мыстанның» өлтірілуінің бұдан да нақты датасын радиокөміртекті талдау жасалған соң атауға болады.
«Кент тұрғындары бойжеткенді дуагерлікпен айналысады деп санаған болар, сондықтан марқұмның тірілмеуі үшін қолдан барын жасағаны шамаланып отыр», - деп баяндады Пергола.
Мола V-VI ғасырларда салынған костелда табылған. Алдын ала болжамдар бойынша, ол 1593 жылдан бері қараусыз тұр. «Мыстанның» моласы ерте ортағасырлыққа жатқызылады.