Жеті адам оқиға орнында көз жұмды, ал тағы біреуі ауыр халде жеткізілген госпитальда қайтыс болды. Автомобиль жүргізушісімен қоса, тағы төрт адам зардап шекті.
Автомобиль рулінде Марокконың тумасы отырған. Полиция оны тұтқынға алды. Жүргізуші жылдамдықты асырып жіберген және оның үстіне апат кезінде есірткіге елтіген күйде болған.