«Біздің ақпаратқа сәйкес лаңкестік әрекеттен де, Италияның солтүсітігінде орын алған жер сілкінісінен де қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ», деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 19 мамыр күні Италияның оңтүстігінде орналасқан Бриндизи қаласында мектеп ғимаратында жарылыс болды, бірнеше адам жарақат алды. Итальяндық баспасөз 6 адамның жарақат алғандығын, олардың екеуі аса ауыр жағдайда екендігін хабарлады. Алдын ала жасалған болжам бойынша, жарылғыш зат мектеп ғимаратының маңында орналасқан қоқыс тастайтын конвейердің ішінде болған, ол жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 08:00-де іске қосылған.
Ал келесі, яғни 20 мамыр күні Италияның солтүстігінде қуаты 5,9 балл болатын жер дүмпуі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Болонья қаласының солтүстік-батысынан 36 шақырым жерде тіркелді. Қаза тапқандар мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.