Италияда парламент сайлауы өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда жалпы парламент сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды EFE агенттігі.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, 46 миллион итальялық бүкіл Еуропа бақылап отырған сайлауға дауыс беруге құқылы.

Сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де ашылған және жергілікті уақытпен 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Депутаттар палатасының 630 депутаты және Сенаттың 315 мүшесі сайланады. Бұл Италия Республикасының парламентіндегі 18-ші жалпы сайлау.

фото:russia-now.com