Биылғы сайлаудың нәтижесі қалай аяқталатыны беймәлім.
Себебі тұрғындардың басым көпшілігі осы уақытқа дейін нақты таңдауларын жасамаған. Айта кетейік, бұл -бұрынғы премьер Сильвио Берлускони биліктен кеткеннен бері өтіп жатқан бірінші сайлау. Берлускони де биылғы сайлауда үміткеркерлер қатарында. Мамандардың айтуынша, оның басты қарсыласы қазіргі биліктегі премьер Марио Монти емес, солшыл-центристік коалиция билеушісі Пьер Луиджи Берсани болуы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша, Монти сайлау қорытындысында 3 немесе 4-орынға тұрақтауы мүмкін, деп хабарлайды24.kz.