Чемодан 25 наурыз күні Адриат теңізінен алынған. Саусақ іздері көрсеткендей, қаза тапқан қыз Ресей азаматшасы болып шықты. Ол бірнеше жыл бойы Италияда тұрып келген.
Полицейлер оның денесінен зорлықпен адам өлтірудің және суға тұншығып өлудің белгілерін таппады. Олар әйелдің мүрдесінде қылмыстық іздердің жоқтығын, оның өліміне өмір сүру жағдайы әсер етіп, ағзасының әлсіреуі себепкер болуы мүмкін деп болжауда.
Италиялық құқық қорғаушылар біреу денеден құтылғысы келіп, оны теңізге чемоданға салып лақтырғанын тағы бір нұсқа ретінде қарастыруда.
Римини прокуратурасы тергеу жүргізуде. Соңғы айларда әйелдің бірнеше рет "анорексия" диагнозымен ауруханаға түскені белгілі болды. Ол көз жұмған уақытта 35 келі болғандығы хабарлануда.