Италияда Шарап музейі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италиядағы Парм қаласында Азық-түлік музейі шеңберінде Шарап мұражайы ашылды.

Онда туристердің пармдық шарап дайындаушылардың дәстүрлерімен танысуына болатын арнайы жерқойма бар.

Бұл музей жергілікті өнім дайындаушы мекемелер мен салалық қауымдастықтар ынтымақтастығының көрінісі іспеттес. Мұнда өңірдегі археология, жер баптау тәсілдері арасындағы байланыс жан-жақты көрсетілген. Сондай-ақ Пармдағы шарап өндірудің тарихи ерекшеліктері де тыс қалмаған. Келушілер шарапты пайдаланудың ежелгі римдің тәсілімен қоса, қазіргі заманғы дәстүрлерімен де таныса алады, деп хабарлайды rosbalt.