Тергеу жұмыстарынан соң 2015 жылы бір топ өрт сөндірушілердің Санта-Кроче-Камерина аймағында өртті қасақана ұйымдастырып жүргендігін анықтады. Бұдан соң олар оқиға орнына жұмысқа шығатын болған. Олар өрт сөндіру жұмыстарының 1 сағаты үшін 10 евро алып келген.
Өрт сөндірушілердің арам пиғылдары басшылықтың өзге бөлімшелермен салыстырғанда өрт оқиғаларының шектен тыс көп болатындығына назар аударып, істің мән-жайын анықтай бастағанда белгілі болған. Әзірге өрт сөндірушілерге қандай жаза қолданылатыны белгісіз, алайда олар қамауға алынып, сот шешімін күтіп отыр.