11:09, 07 Сәуір 2009
Италияда тағы да жер сілкінді
РИМ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат – Сейсенбіге қараған түні Италияның Абруццо өңірінде тағы да жер сілкінді.
Бұл ауданда кеше таңертең орын алған зілзаланың салдарынан көптеген адам құрбандықтары болғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Италияның Азаматтық қорғаныс қызметінің ақпараты бойынша, жергілікті сағат 00:47-де (Астана уақыты боынша 5:47-де) Аквила қаласының маңында 3,8 баллдық жаңа жер сілкінісі болды. Ал жарты сағаттан кейін осы ауданда одан да қуатты, Рихтер бағамы бойынша 4,8 балдық жерасты дүмпуі тағы да тіркеледі. Қираулар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Естеріңізге сала кетейік, кеше таңертең Италияның орталық бөлігінде қуатты зілзала орын алған болатын. Кіндігі Римнің солтүстік-шығысына қарай 110 шақырым жердегі Абруццо таулы ауданында орналасқан Л'Акуила қаласында болған зілзаланың күші Рихтер бағамы бойынша 6,3 баллды құраған. Зілзала салдарынан 150-ден астам адам опат болған.1,5 мыңдай адам жарақат алып, ондаған мың адам баспанасыз қалып отыр. Сейсмологтардың ақпаратына қарағанда, бұл Италияда соңғы 30 жылдағы ең қуатты жер сілкінісі болып отыр.