Италиялық Corriere della Sera басылымының хабарлауынша, Роберто Лингуанотто 1960 жылдары ірімшік қосылған классикалық тирамису рецептін ойлап тапты.
Аспаз Le Beccherie мейрамханасына десерт дайындаған. Кондитердің айтуынша, аталмыш десерт рецебі кездейсоқ туған. Аспаз балмұздақ жасау барысында қателесіп жұмыртқа мен қант қосқан.
— Біз оны қашан да ерекше ықыласпен еске аламыз. Оның аспаздық шеберлігі болмаса, әлемге әйгілі тирамису болмас еді, — деді Corriere della Sera газетіне тирамису дайындау бойынша әлем чемпионатының ұйымдастырушысы Франческо Реди.