Италияда ұрланған 5 мың ежелгі жәдігер табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия полициясы ұрланған 5 мың ежелгі римдік жәдігер жасырылған орынды тапты, бұл ведомство тарихындағы ең ірі табыс болды, деп жазады Би-би-си.

Құнды материалдардың ішінде әсем безендірілген ваза, көз тартарлық фрескалар мен мүсіндер, аса шеберлікпен жасалған зергерлік бұйымдар бар, олардың жалпы құны шамамен 50 млн. долларға бағалануда.

Тергеуде белгілі болғандай, заттарды Швейцарияға ұрылар сақтау үшін, кейіннен басқа елдерге сату үшін әкелген. Тесей туралы жырдың негізгі оқиғалары бейнеленген вазаны АҚШ-қа заңсыз әкеліп, сатқаны жайында хабардар болған Италияның тәртіп сақшылары швейцариялық әріптестерімен бірлесіп операция жүргізген.