Италияда ұшақ қону кезінде жол сыртына шығып кетті
16:36, 25 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат - Палермо әуежайында жолаушылар ұшағы қону кезінде жол сыртына шығып кетті. Оқиға кезінде үш адам түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды РБК.
Римнен Сицилия бағытында рейс жасаған Airbus 300 ұшағы қыркүйектің 25-іне қараған түні Falcone e Borsellino әуежайына сәтсіз қонды. Жолаушыларды ұшақтан шығару үшін үрленбелі трап қолдануға тура келді.
Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, үш адам түрлі дене жарақаттарын алды, дегенмен, ол жарақаттарды жолаушылардың ұшақтың қонуы кезінде не траптан түсу кезінде алғаны туралы мәлімет жоқ.
Оқиғаның себептері анықталуда.