Италияда үй сыпырушы 10 мың еуроның заманауи өнер туындысын қоқысқа лақтырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Итальяндық Бари қаласында үй сыпырушы әйел заманауи өнер көрмесіне арналған экспонаттарды абайсызда қоқысқа лақтырған.

Үй сыпырушы өнер туындыларын қоқыс екен деп, оны жинаумен және сұрыптаумен айналысатын қалалық санитарлық қызмет қызметкерлеріне берген. Лақтырылған жұмыстар қағаздан және картоннан жасалған. Шығармалардың бірі еденге шашылып жатқан печенье түрінде болған.

Лақтырылған жұмыстар қалай аталғаны, авторы кім екені хабарланбаған.

Осы үй сыпырушы жұмыс істейтін компанияның басшысы бұл өнер туындыларының құны шамамен 10 мың еуро тұратынын айтты. Компания келтірілген залалды өзінің сақтық қорынан өтейді, деп хабарлады Lenta.ru.

Display Mediating Landscape көрмесі 19 ақпанда кешке Италияның оңтүстігіндегі Бари қаласында Murat қонақүйінің холлында ашылды. Оның қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

2001 жылы Лондон галереясында да Дэмиен Херстінің шығармаларымен де осындай оқиға орын алған болатын. Лас кофе шыныаяқтарынан, күлден, бос сыра бөтелкелерінен және умаждалған газеттерден жасалған шығарманың әзірлемесін мекеме үй сыпырушылары байқамай далаға шығарып тастаған болатын.