11:05, 21 Сәуір 2009
Италияда велоспорттан «Giro del Trentino» бәсекесі өтеді
АЛМАТЫ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сәуірдің 22-25-і күндері Италияда велоспорттан «Giro del Trentino» жарысы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» велоклубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Италияда астаналық шабандоздар бұған дейін наурыздың 21-інде «Milano-Sanremo» бәсекесіне, ал наурыздың 11-17 күндері «Tirreno-Adriatico» көпкүндігіне қатысқан еді. Бұл жолы қазақстандық кәсіпқой велоспорт клубының намысын Андреас Клоден, Андрей Зейц, Болат Райымбеков, Валерий Дмитриев, Дмитрий Ренев, Роман Киреев, Яни Брайкович пен Ярослав Попович қорғамақ. Олардың арасынан А. Клоден осы елде наурыздың 15-інде өткен «Tirreno-Adriatico» жарысының 3-ші кезеңінде топ жарған болатын.