Италияда жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 5 сәуірде Италиядағы Калабрия облысында күші 5,1 балдық жер сілкінісі болды.Геофизика және жанартауларды зерттейтін ұлттық институттың хабарлауынша, зілзала ошағы теңіз түбінде, 68 метр тереңдікте болған.

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы деректер жоқ.