Марке облысында 24 адам, ал Аматриче және Аккумоли қалаларында қаза тапқандар саны 60 адамға жетті. Сондай-ақ, көптеген елді мекендерде құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Еске сала кетсек, зілзала жұрт ұйықтап жатқан кезде, түнгі сағат 3 жарымда болған. Оның тербелісі Рихтер бағамымен 6-ға жеткен. Түнде болған жер сілкінісі орталық Италиядағы күллі жұртты тік тұрғызды. Рим, Флоренция, Неаполь және Римини тұрғындарының дені көздерін аша салып, далаға жүгірген.
Зілзала ошағы ірі елді мекендерден алыс болған. Алайда Риети провинциясындағы бірнеше шағын қала жермен-жексен болды. Ең ауыр зардап шеккен Аматриче, Аккумоли мен Пескара-дель-Тронто елді мекендері. Бұл шаһарларда шамамен 3 мың тұрғын болған.