Италияда жер сілкінісі құрбандарының саны 290 адамға дейін өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда жер сілкінісі құрбандарының саны 290 адамға дейін өсті, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс елдің азаматтық қорғаныс қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын өкімет орындары 283 адамның мерт болғанын қуаттады. Сенбі күні құтқарушылар үйінді астынан өлген тағы жеті адамның денесін шығарды.

24 тамыз күні түнде Италияның орталық бөлігінде тербелісі 6,0 балл жер сілкінісі болды, ғимараттардың қирауы үш облыста: Лациода, Умбрияда және Маркте  тіркелді. Әсіресе, Аматриче-дель-Тронто және Аккумоли қалалары мықтап бүлінді, деп хабарлады РИА Новости.

Сенбі күні елде ұлттық аза күні жарияланды.