Италияда жер сілкіну құрбандары 179 адамға жетті

МӘСКЕУ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат – Соңғы мәліметтер бойынша, Италиядағы жер сілкіну құрбандарының саны 179 адамға жетіп, 1,5 мыңға жуық адам жараланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ондаған адам із-түссіз жоғалып кеткен, 17 мыңға жуық адам үй-күйсіз қалды.Қаланың саябақтары мен футбол алаңдарында шатыр қалашықтары ұйымдастырылды. Қалада 3 мыңнан 10 мыңға дейін ғимараттар зардапқа ұшырады. Қазір оқиға аймағында 5 мыңға тарта құтқарушылар жұмыс істеуде. Үйінділерді аршу түні бойы жүргізілді және қазір де жалғастырылуда. Түнде құтқарушылар 1000-ға тарта адамды тірілей аршып алды. Жер сілкінісінен Л'Акуила қаласы ғана емес, оның маңайындағы 26 елді мекен зардап шекті. Онна елді мекенінде 300 адамның 38-і қаза болды. Естеріңізге сала кетейік, кеше таңертең Италияның орталық бөлігінде күшті жел сілкінісі болды, оның кіндігі Л'Акуила қаласының маңындағы Абруццо таулы аймағында Римнен солтүстік-батысқа қарай 110 шақырым жерде болды. Сейсмологтар бұл Италияда 30 жылдан бері болып тұрған ең күшті жер сілкінісі болды деп отыр.