Италияда зілзаладан соң шіркеуде тұрған көне картина қолды болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның тәртіп сақшылары шіркеуден XVII жылы салынған картинаның жоғалуымен байланысты істі тергеуде. Картина осы елде болған зілзаладан соң жоқ болып кеткен,-деп жазады korrespondent.net.

Франция суретшісі Жана Ломманың 1631 жылы салынған «Ассизиді кешіру» (Помилование Ассизи) картинасы Нотториа ауылындағы шіркеуден ұрланған. 


Дереккөздің мәліметінше, ұрылар шіркеу қабырғаларының құлап кету мүмкіндігіне қарамастан, онда кіріп картинаны қиып алып кеткен.

Италия биілігі осыған дейін жер сілкінісінен бұзылған 200-ге жуық өнер туындысын қауіпсіз жерге орналастырған болатын.