Халықаралық гимнастика федерациясы Италияның Милан қаласында өтетін көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.
Жекелей сында Қазақстан құрамасының намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғайды.
Топтық жаттығуларда Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хакимжанова өнер көрсетеді.
Әлем кубогының кезеңі 10-12 шілде аралығында өтеді.
Осыдан бұрын Қазақстанда алғаш рет эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтетінін жазғанбыз.