Италиядағы Олимпиадада америкалық тау шаңғышысы ауыр жарақат алды
20:37, 08 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Олимпиада чемпионы, тау шаңғы спортының супержұлдызы атанған 41 жастағы Линдси Вонн Кортина-д’Ампеццо қаласында өткен жылдамдықпен түсу жарысы кезінде құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды DW.
Спортшы трассаның басында жалаушаға қолымен ілініп қалып, тепе-теңдігін жоғалтып құлап, ауырсынып жатып қалған.
Жарыс уақытша тоқтатылып, спортшы тікұшақпен трассадан эвакуациялады.
Dpa агенттігінің хабарлауынша, Вонн Олимпиадаға бұған дейін алған ауыр жарақатынан кейін қатысуға бел байлаған.
Кортина-д’Ампеццодағы жарысты трибунадан оның әкесі мен әпкесі тамашалаған.
Айта кетелік Қазақстанда фристайл спортының дамуы туралы жазған едік.