АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Анна Данилина Бари (Италия) челленджер турнирінің жартылай финалына өтті.
Жарыстың 1-ракеткалары А.Данилина – ресейлік Ирина Хромачёва ширек финалда франциялық Эстелль Кашино – грузиялық Натела Дзаламидземен шеберлік байқасты.
Небәрі 55 минутқа созылған матчта қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Олар 2 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ.
Анна Данилина – Ирина Хромачёва финалға шығу үшін тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева – португалиялық Франчиска Хорхемен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гарроста Әмір Омархановтың жасөспірімдер арасында ширек финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Дмитрий Попко Загребте үш сағаттық матчта жеңіске жетті.
Ролан Гарроста Елена Рыбакина жартылай финалдан тыс қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).