деп хабарлайды ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілеттіліктің баспасөз қызметі.
Италияның Ұлттық ғылыми зерттеу кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылып, Еуропа, Азия және Латын Америка елдерінің бірқатар делегациясы жиналған конференция жұмысына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров қатысып, баяндама жасады.
Уәкіл конференция қатысушыларын құқықтық саясатты жетілдірудегі мемлекет қызметінің басым бағыттарымен және Қазақстандағы адам құқығын қорғау саласындағы тәжірибемен таныстырды.