Италиядағы көпкүндік: «Астана» велокомандасының өкілі екінші орында келеді

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Италия жолдарында өтіп жатқан "Тиррено-Адриатико" көпкүндік жарыстың 5-кезеңінде «Астана» велокомандасының өкілі, чехиялық Роман Кройцигер екінші келді.

Бесінші кезеңнің жеңімпазы Liquigas-Cannondale командасының өкілі итальяндық Виченцо Нибали болды. Ол өзінің ізімен келе жатқан қарсыластарынан мәреге жете берер тұста оқ бойы оза шықты.

Басты классификация бойынша көштің басында RadioShack-Nissan командасының өкілі Кристофер Хорнер тұр. Осы тізімнің екінші орны  әзірге «Астана» командасының мүшесі Роман Кройцигерге бұйырып тұр.