Оның бірінші және екінші кезеңінің нәтижесі бойынша кандидаттардың ешқайсысы жеңіске жету үшін қажетті - дауыстардың үштен екісін иелене алмады.
Бірінші кезеңде барынша көп дауысқа Сенаттың бұрынғы төрағасы Франко Марини иеленді, оның кандидатурасын Италияның Демократиялық партиясы ұсынған болатын. Оған 521 адам дауыс берді, алайда, сайлану үшін 672 дауыс жинау қажет болды.
Екінші кезең барысында бюллетеньдердің басым дені толтырылмай қалды - 1007-нің 400-ден астамы. Бұл ретте, дауыстардың басым санына «5 жұлдыз» қоғамдық қозғалысы ұсынған, солшылдар ортасында танымал заңгер және саясаткер Стефано Родота ие болды - 230-ға жуық.
Дауыс беру бүгін жалғасатын болады.
Айта кетейік, Италияның қазіргі президенті Джорджо Наполитаноның өкілеттік мерзімі ағымдағы жылдың мамыр айында аяқталады.