Италиядағы референдум еуроны құлдыратты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 5 желтоқсанда азиялық сауда-саттық басында еуро бағамы өткен жылғы наурыздан басталған төменгі деңгейге дейін - өткен сессияның жабылғандағы жағдай бойынша 1,0664 доллармен салыстырғанда, 1,0505 долларға дейін түсті.

 Еуропалық валютаның төмендеуі конституциялық реформа бойынша Италиядағы референдумның алдын ала нәтижесін жариялағаннан кейін тіркелді, деп хабарлады MarketWatch.

Плебисцит барысында итальяндықтар премьер Маттео Ренцидің ұсынысына «жоқ» деп айтты, бұдан кейін ол отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл шешім парламенттегі кезектен тыс сайлауға алып келіп, Еуропаның бірлігіне қауіп тудыруы мүмкін.

 Ренцидің кетуі елдің еуроодақтан шығуын қолдайтын оппозициялық партиялардың билікке келуіне  жол ашады, деп хабаарлайдыlenta.ru.