«Біз италиялықтар емеспіз. Италия - басқыншы держава. Оның біздің елімізді басқаруға құқығы жоқ. Біз Каталония мен Шотландиядағы жағдайларды жіті бақылап отырмыз», - деді аймақтағы оппозиция саясаткері Ева Клотц.
Оңтүстік Тироль Италияның солтүстігінде орналасқан. Трентино аймағына жатады. Халықтың көпшілігі неміс тілінде, ал үштен бірі итальян тілінде сөйлейді. Бұрын бұл провинция Австрияның құрамында болған. 1919 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Сен-Жермен келісімі бойынша Италияның құрамына енді.