деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.
Сапар барысында РФ басшысы Италия Республикасының Президенті Джорджо Наполитано және Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Сильвио Берлусконимен кездесу өткізеді. Ресей-Италия қарым-қатынасы мен екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-қиымыл мәселесіне кең көлемде шолу жасалады деп күтіліп отыр.
«Жоспар бойынша Ресейден Еуропа оңтүстігіне Қара теңіз су айдыны арқылы өтетін газкөлік желісінің құрылысы («Южный поток»), ресейлік компаниялардың «Финмекканика»» атты итальян көліктік кәсіпорнымен ынтымақтастығы сияқты бірлескен жобалардың болашағы туралы сөз қозғалады. Ал халықаралық мәселелер арасында негізгі назарды еуропалық қауіпсіздіктің жаңа сәулетін қалыптастыру тақырыбына аудару жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар РФ Президенті 17 ақпан күні жұмыс сапарымен Ватиканға барады. Бұл екі ел арасында кең ауқымды дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бергі РФ басшысының Ватиканға жасайтын алғашқы сапары болмақ.