Италиялықтар Таразда Қарахан кесенесі маңына тал екті
АСТАНА. KAZINFORM — Таразды тамашалауға келген италиялық Гаригга отбасы «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, Қарахан кесенесі маңына тал екті, деп хабарлайды Jibek Joly телеарнасы.
Шет ел азаматтары ел бойынша жүріп жатқан тазалық шарасына таңданыстарын білдірді.
Жерорта теңізі жағалауынан келген туристер Қазақстанның көрікті жерлерін аралап, тарихи орындарымен танысып жүр. Оның ішінде Қараханидтер дәуірінен бері келе жатқан Қарахан кесенесіне арнайы келген. Саяхатшылар сол маңда өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына білек сыбана араласып кетті. Олар барлық азамат қатысып жатқан мұндай ауқымды жұмыстарға қызыға қарап, өз елдеріне айтып баратындықтарын жеткізді. Бүгінгі шара аясында 50 түп алма ағашы егілді.
— Барлықтарыңызға сәлем. Мен Кристинамын, бұл Карло. Біз Қазақстанға жұма күні қонаққа келдік. Мұнда 14 күн боламыз. Бұл елде маңызды және өте әдемі ескерткіштер көп. Сонымен қоса сіздерде өте әдемі табиғат бар. Біз сіздермен бірге ағаш отырғызғанымызға қуаныштымыз. Сондай-ақ, бұл әдемі фаунасы мен флорасы бар керемет ел. Барлығыңызға рахмет, — деді саяхатшы.
Бұған дейін хабарланғандай, Таразда кәсіпкерлер тарихи қорық-музейдің бір бөлігін заңсыз иемденіп, сауда жасаған.