Италиялық инвесторлар Батыс Қазақстан облысына келмек

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Италиялық инвесторлар Батыс Қазақстан облысына келмек. Бұл туралы Италияның Милан қаласында БҚО әкімі Алтай Көлгінов бастаған батысқазақстандық делегацияның қатысуымен өткен бизнес-форум кезінде мәлім болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Елбасының республикамызға инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған форумға «ҚПО б.в.» компаниясының және  италия-қазақ сауда палатасының өкілдері қатысты.

Шараға  келген инжи­ни­ринг пен мұнайгаз саласына құрал-жаб­дық шығарумен айналысатын италияндық ірі компаниялардың бас­шыларына Батыс Қазақстан об­лысы экономикасының негізгі салалары, инвестициялық әлеуе­ті, өңірді мұнайгаз кластеріне ба­ғытталған машина жасау орта­лығына айналдыру турасындағы іс-шаралары  таныстырылды.

-Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын экономиканың драйвері­не айналдыру қажеттілігін айтқан еді. Еліміздің басқа өңірлеріндегі секілді бізде де бұл сала жақсы дамыған. Табиғи, экологиялық та­за өнімдерді шығаруға мүмкіндік мол. Сөйтіп, еліміздің батыс аймағының агроөнеркәсіп өнімде­ріне деген сұранысын толығы­мен қанағаттандыруға болады. Сонымен қатар ЕАЭО мен ЕО елдеріне де азық-түлік экспортының кө­лемі жыл өткен сайын артып келеді. Бұл бағытта шетелдік инвесторлар үшін түрлі жеңілдіктер қа­растырылғанын айта кеткім ке­леді. Сол себепті италияндық кә­сіп­керлерді осы салаға инвестиция салуға шақырамын. Жалпы, шетелдік компаниялардың об­лы­сымызға инвестиция салуға қы­зы­ғушылығы зор. Оған кабельді-сым­ды өнімдер шығарумен айна­лысатын кәсіпорын, жылыжай шаруашылығының құрылысы, за­ман талабына сай келетін жаңа қо­нақүй салу жобалары мысал бола алады. Ресейдің бес бірдей губерниясымен шектесетін және же­дел қарқынмен дамып келе жат­қан облысымызда басқа да түрлі жобалар бар. Бүгінгі шараны пайдаланып, сіз­­дерді және сіздер арқылы өзге де италияндық кәсіпкерлерді Ел­ор­дамызда өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға және Орал қа­ласында дәстүрлі түрде болатын «WestKazInvest - 2017» форумына да шақырғым келеді. Онда шетел­дік қонақтарға отандық кәсіпкерлермен кездесіп, өзара пікір алмасу, жаңа өнім түрлерін шы­ғару, бірлескен кәсіпорын құру турасында келісіммен уағдаластық жүргізуге барлық жағдай жасалады, - деді Алтай Көлгінов.

Жиын барысында Батыс Қазақстандағы индустриалды аймақты дамыту­ға италияндықтар  да өз үлестерін қоса алатындары айтылды. «ҚПО  б.в.» компаниясының қатысуымен жүзеге асырып жатқан жобаның өңірді мұнайгаз кластеріне бағыт­талған машина жасау орталығына айналдыруға қосар үлесі зор.

Форумнан соң облыс әкімі ита­лияндық компания басшыларымен жеке кездесті. Соның нәтижесінде ірі инвесторлар облыстың бизнес әлеуетімен жан-жақты танысу үшін Ақ Жайық өңіріне арна­йы  баратындарын  жеткізді.

Айта кетейік, 2016-2017 жылдары облыс әкімдігінің қолдауы­мен мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында отандық өндіріс орындары жаңғыртылып, жаңа кәсіпорындар ашылуда. Олар­дың ішінен Орал трансформатор зауытындағы әлем­ге танымал «АВВ» маркасындағы электр­қалқан құрылғыларының, «Конденсат» АҚ-да эко­ло­гиялық класты «Еуро-5» мотор майының және Орал сауда-өнер­кәсіп компаниясының өндірістік цехтарын жаңғыртып, жетекші неміс технологиясын қондыруының арқа­сында полимер құбырлар шыға­ру  өндірісін  айтуға  болады.