Римнен 70 шақырым жердегі Канале Монтерано қаласында сенбі күні таңертең екі қабатты үй опырылып, қиранды астынан үш адам шығарылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Итальяндық БАҚ-тың хабарлауынша, құтқарылғандар ерлі-зайыптылар мен олардың 18 жастағы ұлы. Олар жергілікті ауруханаға жеткізілді. Оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 08.30-да болған.
Тергеушілер ғимараттың құлауына не себеп болғанын анықтап жатыр. Бір нұсқа – тұрмыстық газ жарылысы. Аумақта газдың қатты иісі шыққаны туралы көршілерден хабар түскен.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.