АСТАНА.KAZINFORM – Албания Парламенті Италиямен мыңдаған мигранттарды қабылдау туралы келісімді бекітті, оларды Италия жағалау күзеті халықаралық суларда құтқарған еді, деп жазады Euronews.
Джордж Мелони үкіметімен келісілген бес жылдық хаттамаға сәйкес, Тирана бір мезгілде 3000 мигрантқа дейін қабылдайды. Ел жыл сайын 36 000-ға дейін баспанаға зәру мигранттарды қабылдайды деп күтілуде.
Италия өз құзырында болатын екі орталық құрылысының ақысын төлейді. Албания сол нысаннан тыс жерде мигранттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.