Италияның танымал тревел бағдарламасы Қазақстан туралы арнайы шығарылым әзірледі

Фото: Видеодан алынған скрин

Италияның ең танымал саяхаттық жобаларының бірі – Donnavventura бағдарламасы биылғы маусымда Қазақстанға арналған арнайы шығарылым түсірді.

Бес жылдан астам уақыт бойы әлемнің ең әдемі аймақтарын таныстырып келе жатқан бұл жоба шетелдік көрермендерге Қазақстанның көркем табиғаты мен қонақжайлығын, сондай-ақ ұлттық тағамдарының алуан түрін көрсетті.

Бағдарлама жүргізушілері Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы және Ақмола облыстарында болып, жергілікті мәдениет пен дәстүрмен, ұлттық базарлар мен гастрономиялық фестивальдердің атмосферасымен таныстырды.

Эфир барысында Neos Air әуе компаниясына ерекше назар аударылды. Компания Милан – Алматы бағыты бойынша аптасына екі рет тікелей рейс орындайды, бұл Италия мен Қазақстан арасындағы туристік байланысты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама түсірілімдері Kazakh Tourism ұлттық компаниясының, Neos Air, Италия-Қазақстан сауда қауымдастығының, Almaty Tourism Bureau, Visit Astana және Алматы облысы туризм басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Қазақстан медициналық туризмді дамытпақ.