Италияның Бриндизи қаласында мектеп ғимаратында жарылыс болды

АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Италияның оңтүстігінде орналасқан Бриндизи қаласында мектеп ғимаратында жарылыс болды, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлады РосБизнесКонсалтинг Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Қанша адамның жарақат алғандығы туралы нақты мәліметтер жоқ, дегенмен итальяндық баспасөз 6 адамның жарақат алғандығын, олардың екеуі аса ауыр жағдайда екендігін хабарлады.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, жарылғыш зат мектеп ғимаратының маңында орналасқан қоқыс тастайтын конвейердің ішінде болған, ол жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 08:00-де іске қосылған.