деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазақстанның макарон өнімдері нарығына енуге зор мүмкіндігі бар. Мәселен, Ресей қазір жыл сайын 300 мың тонна макарон өнімдерін шет елден импорттайды. Жақында Римде Бүкіләлемдік азық-түлік қауіпсіздігі саммиті өтті. Оған Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев қатысты. Онда Италия Премьер-Министрі С. Берлускони италияндық ең үздік пастаның Қазақстан астығынан жасалатынын айтты", дейді А.Евниев. Оның айтуынша, Қазақстан Кеңес Одағы кезінде 4,5 миллион тонна қатты дән өндірді. Бұл бүкіл Кеңес Одағындағы қатты астықтың 85 пайызы болатын. Қазақстанның қатты дән мен макарон өнімдерін өндірудегі мүмкіндігі өте зор. Алайда ол әлі өз деңгейінде пайдаланылып отырған жоқ.