Көшкін толассыз жауған жаңбырдан туындап, бірнеше үй қираған. Неаполь префектурасында сәбиі бар отбасының құтқарылғаны хабарланды. Ауа райының қолайсыздығы іздестіру-құтқару жұмыстарын қиындатуда.
Кейінірек Неаполь билігі Казамиччола-Термедегі Майо алаңында әйелдің денесін тапқанын хабарлады. Бұл құтқарушылар барған алғашқы аудандардың бірі.Неаполь мэрі Гаэтано Манфреди: «Алғашқы расталған құрбан бар, тағы онға жуық адам із-түзсіз жоғалып кетті», - деді.
8 мың тұрғыны бар Казамиччола-Терме қаласы бұған дейін 2017 жылы тағы бір жер сілкінісін басынан өткерген, онда екі адам қаза тапқан еді.
Фото: Reuters, ba.n1info.com