Италияның құрлықтағы авиация басшысы әуе апатынан ажал құшты

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Генерал Джанджакомо Каллигарис басқарған Италияның құрлықтағы авиация әскерінің АВ 206 әскери тікұшағы Ветербо қаласының ауданында, Римнен 100 шақырым жерде апатқа ұшырады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Радар нысанынан жоғалған аппараттың бірнеше сағат өткен соң сынықтары мен бортта болған екі адамның мүрдесі табылды. Генералдың қазасын елдің қорғаныс министрлігінде растады. Штурвал тізгінінде әлі оқуын аяқтамаған жас әскери болған екен. Бұл оның жаттығуларының бірі еді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Генералдың қазасына байланысты оның отбасына қорғаныс министрі Марио Мауроның өзі жеке көңіл айтты.