ANSA агенттігі ондаған адам жапа шеккені туралы хабарлады. Соңғы мәліметтер бойынша, 10 адам қаза тапқан.
Оқиға Андрия және Корато елді мекендері арасында орын алды, деп хабарлады РИА Новости
Оқиға орнына жедел жәрдем мен өрт сақшылары шықты. Өңірлік теміржол желісіндегі қозғалыс уақытша тоқтатылды.
Соқтығысу кезінде пойыздарда жолаушылар көп болған, деп атап өтті la Repubblica.