АСТАНА. ҚазАқпарат – Италияның оңтүстігіндегі Апулия аймағының солтүстік бөлігінде хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тікұшақ апатқа ұшыраған жерінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.
Тікұшақ Фоджа провинциясының Кастель-Пагано-ди-Априсена елді мекенінде құлаған. Бортта болған 7 адамның барлығы қаза тапты. Оның екеуі – ұшқыш, біреуі – жедел жәрдем дәрігері және қалған төртеуі словениялық туристер отбасының мүшелері болған.
Саяхатшылар Фоджаға бір күн бұрын оралмақ болған, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты сапарларын кейінге қалдырған. Ал, Тремити аралдарында жұмыс істейтін дәрігер кезекшілігінен қайтып келе жатқан. Ол дауылға байланысты теңіз жолымен емес, әуе көлігімен жүруді ұйғарған.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.