Италияның оңтүстігіндегі субұрқақтан үш ескі бомба табылды
13:58, 14 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Палермоға жақын жердегі Сицилия аймағының аумағында орналасқан италияндық Партинико қалашығының орталық алаңынан Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қуатты үш жарылғыш зат табылды.
Дәл субұрқақ ішінен табылған, ал сол кезде субұрқақ шетінде екі адам демалып отырған, деп хабарлайды Утро. ру агенттігі.
Полиция қызметкерлері жарылғыш заттарды қала орталығынан алып шығып, оларды залалсыздандырды.