«2017 жылдың 8 наурыз күні Берлинде өтіп жатқан әлемдегі ең ірі туристік көрмелердің бірінде қазақстандық стенд ашылды. Ашылу салтанатына ҚР МСМ Жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, ГФР Бундестагының депутаты Юрген Климке, Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов қатысты», - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін 8-13 наурыз күндері Берлинде «ITB-Berlin - 2017» атты ірі туристік көрме өтетіні туралы хабарлаған болатынбыз.
Көрмеде 20 туристік компания Қазақстан стендін қояды, олардың қатарында Turan Asia, Asia Discovery, Акжол travel, Explore Central Asia, Arnai tours, Компас, International Travel Plus, Nata Worldwide travel компаниялары, сондай-ақ «Қазжол» мен «Отырар» қонақ үй кешендері бар.
Көрме бағдарламасында көптеген бағыттар қамтылған: воркшоптар, бизнес-саяхат секциясы, қонақжайлылық пен маркетинг, туризмдегі интернет-технология мен жас кәсібилер. Туристік жаңа әрі танымал бағыттармен танысып, әріптестік байланыс орнатқылары келетіндерге бөлек дистанция күндері өткізіледі.