Итбалық, тасбақа, бекіре: Каспийде 39 браконьерлік фактісі әшкере болды
13:06, 01 Тамыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Каспий акваториясында 39 браконьерлік фактісіне жол берілмеді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі шілде айындағы іс-қимыл нәтижесін шығарды.
ҰҚК шекара қызметі құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзған 4 560 адамды ұстады.
Соның ішінде шекараны бұзып өткен 35, ал шекараны бұзбақ болған 38 шетел азаматы бар.
Мемлекеттік шекарадан әртүрлі затты заңсыз алып өтудің 1 612 фактісінің алды алынды.
Оның:
- 51 — есірткі
- 111 — атыс қаруы мен оқ-дәрі (2 дана пневматикалық және 206 дана суық қару, 77 дана оқ-дәрі)
- 26 — діни әдебиет (5 351 дана)
- 424 — жалпы сомасы 17 млн теңгеден асатын жанар-жағармай (37 000 литрден астам)
- 835 — жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары
- 165 — жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 39 браконьерлік фактісіне жол берілмеді.
Сондай-ақ:
- 27 дана жүзу құралы
- жалпы ұзындығы 16,2 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары
- 12 дана (4,5 кг) бекіре тұқымдас балық
- 3 481 дана (9 723 кг) таза тұқымдас балық
- 82 дана суда жүзетін тасбақа
- 12 дана суда жүзетін құстар
- 1 дана Каспий итбалығы табылды.
Алды алынған залал сомасы — 42,5 млн теңге.