ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, Шекара қызметі «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының «Сақшы» кемесі осындай оқиғаның бірінің жолын кескен. Олар кезекшілік барысында браконьерлердің құрған торын тауып алған. Оны жинақтап, метрмен өлшегенде ұзындығы 500 метр болып шыққан.
Торға түсіп қалған 7 итбалық табылды, оның 5-еуі тірі болғандықтан босатылып, теңізге жіберілді, ал өлген 2-еуі жағалауға шығарылды.
Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды.