Көршісінің айтуынша, ит аш болған. Көршісі оған тамақ бермеген. Әрі иттің мойнын шынжыр қажап тастаған. Жарасынан қан шығып тұр. Полиция хабарламаға бей-жай қарамады.
Облыстың ІІД баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. "Хаттама ӘҚтК 408-бабына сәйкес жасалды. Полицейлер келгеннен кейін әйел иттің қарғыбауын ауыстырып, оны емдей бастады. Әйел итке жаңа қарғыбау сатып алуға ақшасы болмағанын айтты", - деп хабарлады облыстық ведомство баспасөз қызметінен.
Бірінші жолы әйел ескертумен құтылды, келесі жолы жаза қатаң болады.
Еске салсақ, Қостанайда қасапшының құрбаны болған ит құтқарылған. Оған емдеу үшін ақша жинады. Гром атты итке Челябіде ота жасалды.