Өлшемі бармақтай ғана болатын жайынға ұқсас балықты компьютерлік томографияға түсіргенде, оның ауызы иттікіне ұқсас екендігі анықталған. Мұндай ерекше балықтың шығу тарихы ғалымдар үшін жұмбақ болып отыр. Бұл ағзаның сипаттамасы жайын тәрізділерден өте ерекше болғандығы соншалықты, мамандар тіпті оның жақын туыстарын атаудан да бас тартып отыр.