«ИТП» инновациялық кластеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымында мақұлданды - Сенат

АСТАНА. ҚазАқпарт - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасының мақсаты - кейбір заңнамалық актілердің ережелерін «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» ҚР Заңы жобасының нормаларына сәйкес келтіру. Осыған байланысты Азаматтық кодекске, Жер, Бюджет кодекстеріне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске, сонымен қатар «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» және «Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңдарға тиісті түзетулер енгізу көзделеді.

Сенат депутаттары аталған заң жобасын бірінші оқылымда бірауыздан мақұлдап, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетіне оны екінші оқылымға дайындау тапсырылды.