АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Оқушы иттен қорқып, есінен танып қалды. Бұл туралы №16 орта мектеп әкімшілігі хабарлады.
Ақтөбе қаласында болған оқиғадан соң № 16 орта мектеп әкімшілігі жалған ақпарат таратпауға шақырды.
— Жалған ақпарат таратпауды және тек сенімді дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз. Біздің мектептің оқушысы бүгін таңертең үйінің ауласында жүгіріп өткен иттен қорқып, есінен танып қалған (ит баланы тырнап, таламаған). Оның анасы жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай есін жинамаған бала сол жерде қайтыс болған, - деп хабарлады мектеп әкімшілігі.
Еске салсақ, бүгін таңертең Ақтөбеде оқушының денесі табылды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.