Шешім тағы да командалық әлем чемпионатына қатысты болды. Бұған дейін ол наурыз айынан маусымға, ал енді қыркүйек айының соңы, қазанның басына ауыстырылған.
«2020 жылдың 29 наурызында ITTF барлық жарыстарды маусым айының соңына қалдыруды шешті. Біз әлемде қалыптасқан жағдайды ескере отырып, командалық әлем чемпионатын екінші рет кейінге қалдырып отырмыз. Пандемия жағдайы күзге қарай шешіледі деген үміт бар. Қазір барлық Халықаралық федерациялар 2020 және 2021 жылдардың жарыс күнтізбесіне түзетулер енгізуде. Олимпиада ойындарының келесі жылға ауыстырылуы алдағы маусым ойындарын да қайта қарауды міндеттейді», - деп түсіндірді ITTF атқарушы директоры Стив Дейтон.